11
апрель
2025
№4 мектеп-интернатында Наурыз мерекесі
Көктемгі шаңырақ астында 11 сәуір күні №4 мектеп-интернатында Наурыз мерекесі достарын жинады.
Бұл игі шараға оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып үлкен дайындықпен келген.
Концертті Нұртазин С.Е. жетекшілігімен мектеп-интернаттың ұлттық аспаптар оркестрі ашты.
Бастауыш сынып оқушылары ұлттық киім киіп, Наурыз туралы өлеңдер оқып, ән айтып, ұлттық аспаптарда қазақтың халық әндерін орындады.
Кіші би тобы әсем «Киіз басу» биін, ал үлкен би тобы «Қазақ биі» биін орындады.
8-сынып оқушылары көрермендерге Наурыз мейрамының мәні мен маңызы, қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы қызықты ақпараттар ұсынды.
Жоғары сынып оқушылары ата-ана, әже, ата рөлдерін сомдап, «Ат қою» дәстүрін айтып, көрсетіп берді.
Мерекеге арнайы Қаскелен мәдениет үйінің «Қазақ аналары – дәстүрге жол» хоры шақырылды.
Хор қазақтың халық әндерін орындап, бишілер пиаламен би биледі.
Концерттік бағдарламадан кейін мерекелік іс-шара мектеп ауласында жалғасты. Қонақтар Абай, Қарасай, Жетісу және Қабанбай ауылдарына барып, сол ауылдардың оқушылары дайындаған ұлттық ойындар, салт-дәстүр көріністері, әндер мен өлеңдер арқылы қазақтың бай мәдениетімен танысты.
Шара бойы мектеп ауласында шынайы мейрамдық көңіл-күй, шаттық пен жылулық, татулық пен мейірімділік атмосферасы орнады.